ҚазМұнайГаздағы қауіпсіздік:
Біз алға қадам басамыз
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Сапа, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатына сәйкес негізгі басым бағыттарының бірі қызметкерлердің қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. Осы орайда ҚТКФ мыналарды батыл ұсынып, осылардың үгіт-насихатын жүргізеді:
ҚР заңнамасына және халықаралық теңіз практикасына сәйкес ҚТКФ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мына іс-шаралар мен жұмыстарды орындайды:
ҚТКФ «Алтын қағидалары»
ҚТКФ «Алтын қағидалары» ҚТКФ Басқармасының хаттамасымен бекітілді.
ҚТКФ «Алтын қағидалары» – бұл озат мұнай-газ компанияларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында
озық халықаралық іс-тәжірибесі негізінде әзірленген жұмыстарды қауіпсіз орындаудың негізгі талаптары болып
табылады.
«Алтын қағидалар» талаптары оған қосымша ретінде әрқилы түрдегі жұмыстарды қауіпсіз орындаудың негізгі
қағидаларын сақтау талабын қояды.
ҚТКФ бүкіл қызметкерлері еңбекті қорғау, өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігі мәселелеріне ұстанушылықты жеке
үлгі-өнегесімен көрсетуге тиіс.
Жұмысты тоқтату құқығына ие болу
ҚТКФ қызметкерлерге олардың немесе айналасындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде жұмыстарды орындаудан бас тарту заңды құқығына ие болатындығына кепілдік береді. Егер, Сіз адамдарға, қоршаған ортаға немесе мүлікке зиян келтіруі мүмкін қауіпті жағдайды, іс-әрекетті, қателіктерді, жаңылысқан жағдайларды немесе түсінбеушілікті байқасаңыз ЖҰМЫСТЫ ТОҚТАТЫҢЫЗ. Сіз осы іс-әрекетіңізге қатысты тәртіптік.
Қоршаған ортаны қорғау
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС өндірістік пен экологиялық қауіпсіздіктің жоғары стандарттарына сәйкес болуға және қоршаған ортаны басқару жүйесін үнемі жетілдіріп отыруға ұмтылуда.
Компания Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының және халықаралық конвенциялар мен стандарттардың талаптарын сақтауға міндеттенеді.
Компанияның сапа, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатының мақсаты ластанудың алдын алу және қоршаған ортаны қорғау болып табылады, оған қол жеткізу үшін Компания кемелерге, персоналға және қоршаған ортаға байланысты барлық сәйкестендіру тәуекелдерін бағалайды және олардан тиісінше қорғалуды ұйымдастырады. Саясат іс-әрекеті Компанияның барлық қызметкерлеріне, сондай-ақ ҚТКФ объектілерінде қызметтерді ұсынатын мердігерлік ұйымдардың қызметкерлеріне қатысты қолданылады.
Компанияда қоршаған ортаны қорғаудың біріктірілген жүйесі қолданысқа енгізіліп, оның негізін қолданыстағы экологиялық заңнамалар, экологиялық менеджмент қағидаттары және үдеріс әдісі құрайды.
Қоршаған ортаны басқару жүйесі 2007 жылдан бастап ISO 14001 талаптарына сәйкес тиісті жұмыс деңгейінде күтіп ұсталуда.
Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасына сәйкес жергілікті ластану көздерінен атмосфераға шығарылатын нақты ластағыш заттектер тастандыларының есебі экология саласында бастапқы есепке алу деректері негізінде тоқсан сайын орындалады, су ресурстарына мониторинг жүргізіледі, оны ауыз суының сапасын бақылау, суды тұтыну мен су бөлуді бақылау, шартты-таза суларды талдамалық бақылау құрайды. Осы орайда экологиялық инспекцияның сәйкестендірілген тексеру парақтары бойынша кемелердің тексерістері қамтамасыз етіледі.
ҚТКФ қалдықтарын басқару жүйесін қалдықтардың пайда болуын қадағалайтын ұйымдастырушылық шаралар, оларды жинауды, сақтауға алуды, кәдеге жарату және зарарсыздандырылуын бақылау құрайды. Осы шаралар өндірістік қалдықтар мен олардың қоршаған ортаға тигізетін теріс әсерін азайту және қолданыстағы табиғатты қорғау заңнамасы мен сауда мақсатында теңізде жүзу саласында Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық конвенцияларға сәйкес барлық қалдықтар түрлерінің пайда болуы, оларды жою және зарарсыздандыру процестерін нақтылы жүйелендіру үшін көзделді.
2005 жылғы 13 желтоқсандағы «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының No93-III ЗРК Заңына сәйкес ҚТКФ міндетті экологиялық сақтандыруға жыл сайын шарт жасасады, сақтандыру объектісі ретінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген өз міндетіне байланысты шарушылық және өзге қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның мүліктік мүддесі, авариялық ластану нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу болып табылады.