ҚазМұнайГаздағы қауіпсіздік:
Біз алға қадам басамыз
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС миссиясы – Каспий аймағы сияқты Каспий акваториясынан тысқары жерлерде қауіпсіз, сенімді және рентабельді теңіз тасымалын қамтамасыз ету үшін ұлттық теңіз сауда флотын одан әрі дамыту болып табылады.
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС пайымдауы – компанияның кеме қатынасы қауіпсіздігінің жоғары халықаралық стандарттарына сәйкес келетін жоғары тиімді, жоғары рентабельді, бәсекеге қабілетті халықаралық біріктірілген кеме компаниясы ретінде танылуы.
Біз, өзімізді ұлттық теңіз операторы – мынадай тиімді қызметтердің жеткізушісі ретінде танытамыз:
1. құйылмалы мұнай жүктерін Каспий теңізі арқылы тасымалдау;
2. құйылмалы мұнай жүктерін ашық теңізде тасымалдау;
3. теңіз мұнай жобаларына қызмет көрсету бойынша флот қызметтері;
4. бүкіл жүк түрлерінің паромдық тасымалы.
Біздің өршіл мақсаттарымыз – теңіз қызметтерінің толық аясын қамтитын және қазақстандық кеме қатынасының жетекші компаниясы ретінде біріктірілген холдингтік компания болу, әлемдегі ең ірі елу компаниялардың қатарына кіру.
Компанияның стратегиясы тұрақты сапалы деңгейге жетуге бағытталып отыр.
БАҒЫТЫ: құйылмалы мұнай жүктерін Каспий теңізі арқылы тасымалдау
– осы сектордағы даму стратегиясы Ақтау порты арқылы қазақстандық құйылмалы мұнай жүктері экспорттық ағынының үлесін 100%-ға дейін өсіру және қауіпсіз, сенімді әрі экономикалық тиімді қызметтерді қамтамасыз ету арқылы ҚТКФ Каспийдегі танкерлік флоттың жетекші операторларының бірі ретінде өз лайықты орнын сақтап қалу;
– бағытының міндеттері:
1) қазақстандық мұнайдың Ақтау портынан 100 % ҚТКФ кемелерімен тасымалдануы;
2) меншігіндегі кемелердің бос тұрып қалмауы.
БАҒЫТЫ: құйылмалы мұнай жүктерін ашық теңізде тасымалдау
– осы сектордағы даму стратегиясы ұлттық теңіз тасымалдаушысы ретінде ҚТКФ трансқаратеңіз аумағында өзінің лайықты орнын бекемдеу және меншігіндегі флоттың ірі салмақты кеме санын арттыруға, қауіпсіз, сенімді және экономикалық тиімді қызметтерді қамтамасыз ету арқылы қазақстандық құйылмалы мұнай жүктері тасымалының жалпы көлемінде ҚТКФ үлесін ұлғайтуға бағытталып отыр.
Бағытының міндеттері:
1) меншігіндегі кемелердің ашық теңізде бос тұрып қалмауы;
2) Қара теңіз арқылы тасымалданатын қазақстандық мұнайдың ҚТКФ күшімен (жеке флотының кемелері сияқты жалға алынған кемелер арқылы) тасымалдануы;
3) жеке мұнай құю кемелері паркінің бірлік санының артуы.
БАҒЫТЫ: теңіз мұнай жобаларына қызмет көрсету бойынша флот қызметтері
– осы сектордағы даму стратегиясы КТҚС кен орындарын игеру шеңберінде ұсынылатын бәсекеге қабілетті қызметтердің аясын кеңейтуге және оның үлесін арттыруға бағытталып отыр;
Бағытының міндеттері:
1) Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай-газ жобалары үшін қызметтер аясының кеңеюі;
2) теңіз мұнай операцияларын қолдау флотының бос тұрып қалмауы;
3) өз меншігіндегі сервистік флотты құру және оны дамыту (рентабельділікті қамтамасыз еткен жағдайда);
4) өз меншігіндегі теңіз мұнай операцияларын қолдау флотының қуатының артуы және оның дамуы.
БАҒЫТЫ: бүкіл жүк түрлерінің паромдық тасымалы
– осы сектордағы даму стратегиясы мұнай нарығы коньюктурасының өзгерістері жағдайында ҚТКФ қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін оның қызмет түрлерін әртараптандыруға бағытталып отыр;
Бағытының міндеттері:
1) жеке паромдық флотты құру.
БАҒЫТЫ: басқару тиімділігін арттыру
– теңізде жүзу қауіпсіздігі, сапа, денсаулықты, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласында басқарудың біріктірілген жүйесінің дамуы;
– еңбек ресурстарының дамуы;
– шығындардың бақылануы және оңтайлануы.