«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС персоналын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС қызметкерлерін оқыту және дамыту қағидасы» ҚТКФ. 019 КСТ сәйкес жүргізілуде.

Қазіргі таңда «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС (бұдан әрі – ҚТКФ) Бас директоры бекіткен 2020 жылғы Персоналды оқыту жоспарына сәйкес ҚТКФ 30 қызметкері оқу семинарларына қатысты. Сондай-ақ, ҚТКФ барлық қызметкерлері үшін ортақ корпоративтік семинарлар ұйымдастырылды.

ҚТКФ 2020 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетінің 4 кадетін жүзу практикасына қабылдады.