Кеме жалдау департаменті
cd@kmtf.kmg.kz, +77292 535 831, +77292 535 873.

Инвестициялық жобалар


КЕЛЕШЕК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР

  1. «Aframax» үлгісіндегі мұнай құю танкерін салу/сатып алу және пайдалану
    Жобаның мақсаты: Ашық теңіздерде өзінің танкерлік флотын арттыру. KMG-International тиесілі барлық мұнай жүктерін «Aframax» үлгісіндегі меншікті танкерлермен тасымалдауды қамтамасыз ету.
  2. Теңіз мұнай-газ операциялары үшін 2 қамтамасыз ету кемесін салу/сатып
    Жобаның мақсаты: Кен орындарын игерудің барлық кезеңдерінде теңіз кен орындарының операторларына қызмет көрсету үшін жеке қызмет көрсету флотын құру.
  3. Мұнайдың апаттық төгілуін жою үшін 2 кеме салу / сатып алу және пайдалану
    Жобаның мақсаты: Барлама бұрғылау және теңіз кен орындарының мұнайын өндіру кезеңдерінде мұнайдың апаттық төгілуін жою үшін өз флотын құру.
  4. Әмбебап 2 паром салу/сатып алу және пайдалану
    Жобаның мақсаты: көліктік-логистикалық жүйені дамыту, бизнесті әртараптандыру және темір жол вагондарымен, вагон/цистерналармен және автотрейлерлермен жүктердің барлық түрлерін теңіз арқылы тасымалдаудан қосымша табыс табу.

ІСКЕ АСЫРЫЛҒАН ЖОБАЛАР

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС 22-жылдан астам тәжірибесінде бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асырды. Инвестиция сомасы 385 млн. АҚШ долларынан асты.

Ақтау портының №4 және 5 айлақтарын қайта құрылымдау және жаңғырту (2003-2005 жж.)

  • Ақтау портының өткізу қабілетін жылына 10-11 млн. тонна мұнайды тасымалдау арқылы ұлғайту;
  • салмағы 12,000-13,000 тонналық танкерлерді өңдеу мүмкіндігіне ие болу;
  • жобаны іске асыру құны – 6,4 млн. АҚШ доллары.

Теңіздегі операцияларды қолдау флоты (2003-2008 жж.)

  • жүк көтергіштігі 3600 тонна болатын 8 платформалық баржаның құрылысы және 5 сүйрегіш кемелерін сатып алу;
  • Қашаған кен орны үшін тастарды тасымалдау;
  • жобаның құны - 31,3 млн. АҚШ доллары.

Салмағы 12 мың тонналық мұнай құю танкерлері (2005-2006 жж.)

  • «Астана», «Алматы», «ТК Ақтау» танкерлерінің кеме жасауы және оларды пайдалануға енгізу;
  • жобаны іске асыру құны – 41,8 млн. АҚШ доллары.

Салмағы 13 мың тонналық мұнай құю танкерлері (2009-2010 жж.)

  • «Атырау», «Ақтөбе», «Орал» танкерлерінің кеме жасауы және оларды пайдалануға енгізу;
  • жобаны іске асыру құны – 66,5 млн. АҚШ доллары.

Баутин поселкесінде шағын кемелерді жөндеу бойынша зауыт (2010 ж.)

  • салмағы 600 тонналық және ұзындығы 60 метрге дейін шағын кемелерді жөндеуді, бүкіл кеме түрлерін ағымдағы және рейс аралық жөндеуді жүзеге асыру
  • жобаға қатысушылар: Kyran Holding – 50%, ҚТКФ – 30%, «Балықшы» ЖШС — 20%;
  • жобаны іске асыру құны – 17,6 млн АҚШ доллары.

Салмағы 115 мың тонналық «Афрамакс» үлгісіндегі мұнай құю танкерлері (2011 ж.)

  • «Алтай» және «Алатау» танкерлерін сатып алу және пайдалану;
  • алғаш рет қазақстандық мұнайды қазақстандық кемелермен ашық теңізде тасымалдау басталды;
  • жобаны іске асыру құны – 102 млн. АҚШ доллары.

«Теңізшевройл» ЖШС болашақта кеңейту жобасы үшін Каспий өздігінен жүретін баржалар (2016-2018 жж.)

  • «Барыс», «Бүркіт», «Сұңқар» атты Каспий класты 3 баржасы (ені 21 м);
  • 2018-2020 жж. баржалар «Теңізшевройл» ЖШС-нің Құрық порты (Ерсай базасы) – Прорва порты бағыты бойынша Болашақта кеңейту Жобасын салу үшін салынып жатырған ірі модульдердін тасымалдады;
  • жобаны іске асыру құны – 100 млн. АҚШ доллары.

«Теңізшевройл» ЖШС-нің болашақта кеңеюіне арналған жоба бойынша ұсыныстар (2017-2018 жж.)

  • «Ырғыз», «Талас», «Ембі» 3 сүйрегіш кемелері (ілмегі 40 тонна);
  • 2018-2020 жж. «Теңізшевройл» ЖШС-нің Болашақта кеңейту жобасы аясында Прорва ауданында жүктерді тасымалдау маршрутында (ЖТМ) жұмыстарын жүргізді;
  • жобаны іске асыру құны – 19,6 млн. АҚШ доллары.