“Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС (ҚТКФ) Ұлттық теңіз тасымалдаушы болып табылады (Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 29 сәуірдегі №462 Қаулысы). Қызметінің негізгі бағыттары – ҚТКФ Пайымдауы:
– Флотты қауіпсіз және сенімді пайдалану;
– Сауда теңіз флоты мен сервистік флотты дамыту;
– Каспий теңізі маңындағы өңірде және одан тысқары жерлерде теңіз тасымалының рентабельділігін арттыру.

ҚТКФ стратегиялық мақсаты:
– мемлекетіміздің теңіз арқылы тасымалдауға және теңізде КСШ барлауға қатысу үлесін ұлғайту;
– Сауда мақсатында теңізде жүзу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
– Сауда мақсатында теңізде жүзу саласында халықаралық ынтымақтастықты бекемдеу.

Қазіргі таңда ҚТКФ «Теңізшевройл» Болашақ Кеңейту Жобасына қатысу арқылы ауқымды жобаны іске асырып бастады. Осылайша, ҚТКФ келешекте ТШО БКЖ қазақстандық қамтылым үлесін ұлғайта отырып, шағын көлемді жүктердің мультимодальдық тасымалы саласында жұмыс тәжірибесі мол білікті отандық мамандарды даярламақ.
ҚТКФ осы жоба шеңберінде келешегі зор зауыт құрылысы үшін шамамен 75 модуль тасымалын жүзеге асыратын болады.

ҚТКФ – қазақстандық және шетелдік серіктестер үшін сенімді қызмет көрсетулер жеткізушісі ретінде танылды. Компанияға Қазақстан Республикасында ірі, сондай-ақ заманауи флот бірліктері – танкерлер, сүйреткіштер, сонымен қатар ірі көлемді жүктерді тасымалдауға арналған кемелер және әртүрлі мақсаттарға көзделген баржалар тиісті.

ҚТКФ – кеме қатынасының аса жоғары халықаралық қауіпсіздік және сапа стандарттарына сәйкес келетін аса тиімді және жоғары рентабельді компания болып табылады.
Компанияның толық атауы – «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; қысқаша атауы – «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС/ҚТКФ.

Байланысу үшін ақпарат:
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС
Қазақстан Республикасы, 130000, Ақтау қ-сы, 14 шағын ауданы, №70 ғимарат,
тел.: +7 (7292) 535-890, 535-886, 535-887
факс: +7 (7292) 535-888
е-mail: info@ kmtf.kz

Астана қаласындағы Өкілдік:
Қабанбай батыр даңғылы 19, блок А, кабинет 0801
тел.: +7 (7172) 786685,786688

Сенім телефоны: +7 (7292) 535 823

Сенім электронды поштасы: doverie@ kmtf.kz