«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС бүгінде қазақстандық ту астындағы жүк тасымалының негізгі үлесін қамтамасыз ететін бірде бір ірі кеме компанияларының бірі болып табылады. Компания Неғұрлым қысқа мерзім ішінде ұлттық теңіз сауда флоты мен көліктік әлеуетін дамыту саласында елеулі жетістіктерге қол жеткізді, теңіз саласы сияқты тұтастай еліміздің экономикасы үшін мәні және келешегі зор экономикалық жобаларды әзірлеп, оларды іске асырды.

Осы ретте Компания әлеуметтік жауапкершілікке айрықша назар аударуда. Компания әзірлеген Азаматтарды әлеуметтік қорғау бағдарламасы тұастай саланың бедел-бейнесін жақсартумен, компания қызметкерлерін әлеуметтік қорғаумен, соғыс ардагерлері мен мүгедектерге қамқорлық көрсетумен, сондай-ақ ҚТКФ өндірістік қызметімен байланысты болмайтын өңірдегі әлеуметтік бағдарламаларға қатысумен байланысты негізгі бағыттарды айқындайды.

Әлеуметтік жобалар:

  • ҚТКФ 2002 жылдан бастап Алматы қаласында тұратын теңізші-әскерлер мен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне шефтік етеді.
  • 2005 жылдан бастап Ақтау қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл майданының қатысушыларына шефтік көмекті үзбей көрсетіп келеді.

2017 жылы:

  • Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күні қарсаңында, ҚТКФ ұжымы ардагерлермен бірге Ұлы Отан соғысында қаза болған Ерлерді еске алып, Мәңгілік алау ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Салтанатты рәсімнен кейін ҚТКФ жаңа ғимаратында Ардагерлерге құрмет көрсетуге орай мерекетік шара өтті.
  • Казақтеңізкөлікфлоты ұжымы ауыр жол-көлік апаты салдарынан бас сүйегінің жарақатына душар болған Чистяков Дмитрийдің емделуіне қаржылай көмек керсетуді ұйғарып, жиналған қаражатты анасы Е.А.Горячеваға табыстады.
  • 13 сәуір күні ҚТКФ ұжымының басым көпшілігі донор болды. Ұжымның бұл көмегі облыстық қан орталығы арқылы Ақтау қаласы мен облыс тұрғындары арасындағы емделушілерге қажеттілікке орай жеткізілетін болды.
  • 22 сәуірде «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС ұжымының Жастар кеңесі Ақтау қаласында орналасқан қарттар үйінде сенбілік өткізді. Жас ағаштар отырғызып, баспалдақтардың сүйеніштерін бояды, аймаққа тазарту жұмыстарын жүргізді.
  • Мамыр айында ҚТКФ ұжымы «ДЦП Спастическая Диплегия травматическая болезнь головного мозга» диагнозымен ауыратын үш баланың анасы Г.А. Омароваға балалардың емделуі үшін қаржылай көмек көрсетті.
  • ҚТКФ ұжымы «Эпилептическая энцефолапатия ранняя миоклоническая эпилепсия, ДЦП, двойная гемиплепия» диагнозымен ауыратын үш жасар Марьям Айтмұханның емделуі үшін қаржылай көмек көрсетті
  • 8 қыркүйекте «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС өкілдері XIV – XX ғасырлардың тарихи ескерткіші «Кәді» көне қорымында сенбілік өткізді.
  • КМТФ ұжымының Жастар кеңесі Ақтау қаласының 7 сыныбының оқушылары үшін Ақтау портына саяхат ұйымдастырды. Шара өскелең ұрпақ арасында техникалық жұмысшы мамандықтарын насихаттау және оларды туған өлкедегі өндірістік кәсіпорындармен таныстыру мақсатында өткізілді. Саяхат барысында балалар инфрақұрылымға, порттық құрал-саймандарға, кемежайда тұрған жүк кемелеріне жүк тиеу мен түсіру мәселелеріне қызығушылық танытты.
  • Жаңа жыл қарсаңында ҚТКФ ұжымы өз қаражаттары есебінен көптеген аз қамтылған отбасы балаларына жаңажылдық сыйлықтар тарту етті.
  • Желтоқсан айында Маңғыстау облысы әкімінің бастамасымен өткен «Асар» қайырымдылық акциясында «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС ұжымы ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 3 баланың қамқоршысы Г.Т.Оңғароваға материалдық көмек көрсетіп, мерекемен құттықтады.

2018 жылы:

  • 28-29 наурызы күндері «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме флоты мекемесінде Маңғыстау облыстық қан орталығының бір топ медицина қызметкерлері болды. ҚТКФ ұжымының басым көпшілігі, соның іщінде Жоғары теңіз оқу ұйымдарының түлектері, сондай-ақ ғимаратта орналасқан өзге де мекемелердің қызметкерлері донор болуға тілек білдірді. Ұжымның бұл көмегі облыстық қан орталығы арқылы Ақтау қаласы мен облыс тұрғындары арасындағы емделушілерге қажеттілікке орай жеткізілетін болды.
  • 14 сәуірде «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС ұжымының, Жастар кеңесі мүшелерінің бастамасымен Ақтау қаласында орналасқан облыстық мамандандырылған Сәбилер үйінде кең көлемде ағаштар отырғызу, аймақты тазалау, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Шара барысында мекеме аумағына 40-тан астам раушан гүл түптері отырғызылды, газон себілді, балалардың ойын алаңында орналасқан шарбақ, беседкалар жөнделіп, түрлі-түсті бояулармен боялды.
  • Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күні қарсаңында «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС ұжымы Ақтау мен Алматы қалаларында тұратын ардагерлерді құттықтады. «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС атынан ардагерлерге мерекелік сыйлықтар табысталып, материалдық көмек көрсетілді.
  • 19 мамырда «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС өкілдері XIV – XX ғасырлардың тарихи ескерткіші «Кәді» көне қорымында сенбілік өткізді. Шара барысында аймақты тазалау, сырлау жұмыстары жүргізілді. Шараның мақсаты – Маңғыстау өңірінде орналасқан тарих пен мәдениет ескерткіштерін, діни объектілерді талапқа сай ұстау, қорғау. Сенбілік Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» атты бағыты бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қарасты компаниялар тобымен жүзеге асырылудағы «Үстірт ескерткіштеріне – ел құндылықтары» жалпы корпоративтік акциясы аясында өткізілді.
  • Балаларды қорғау күніне орай «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҚТКҚК» ЖШС Ақтау қаласында өткен «LAURA» мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастардың XI Халықаралық фестиваліне демеушілік көрсетті. Биылғы жылы атаулы шара аймақтық көлемнен асып түсті. Оған тек қазақстандық ғана емес, Түркия мен Ресейден келген қонақтар да қатысты. Шараға 100-ден астам балалар мен жастар қатысты. Түркия мен Ресейден келген қатысушылар шара бағдарламасын қызықты концерттік номерлерімен әрлендірді. Фестиваль аясында балалардың қолөнер шеберлігінің көрмесі ұйымдастырылды. Гала-концертте қатысушылар әртүрлі тілде ән шырқады, ұлттық билер биледі және Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері мен театрландырылған көріністерімен көрермендердің көңілінен шықты. Фестиваль Астана қаласының 20 жылдығына, еліміздің ақмаржан қаласы Ақтаудың 55 жылдығына және Қазақтеңізкөлікфлоты компаниясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылды.
  • 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Компанияның Жастар кеңесінің мүшелері Маңғыстау облыстық сәбилер үйінде болып, бүлдіршіндерін құттықтады. Балаларға ұжым атынан ойыншықтар, киімдер, суреттер тапсырылды.

Демеушілік (қайырымдылық) көмек Компанияның әлеуметтік жауапкершілік саласындағы артықшылықтарын есепке ала отырып көрсетіледі.