«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқармасының 29.11.2007 жылғы шешімімен (№152 хаттама) бекітілген «Кеме флоты мен Теңіз операцияларын қолдау флоты үшін қазақстандық кадрларды дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасына» (бұдан әрі – Бағдарлама), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қыркүйектегі №916 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының теңіз көлігін дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасына» сәйкес бүгінде Ресей Федерациясының мамандандырылған оқу орындарында теңіз мамандарын даярлау және оқыту бойынша қолға алынған жұмыстар ойдағыдай жалғасын тауып келеді.

ҚТКФ 2007 жылдан бастап осы бағдарлама шеңберінде 48 қазақстандық курсантты Новороссийск қаласының «Адмирал Ф.Ф.Ушаков атындағы Теңіз Мемлекеттік Академиясы» ЖКБ ФМОМ (бұдан әрі – Академия) мен оның Астрахань қаласындағы филиалына төмендегі мамандықтар бойынша оқуға жіберді:

  • Теңізде кеме жүргізу;
  • Кеме жасау;
  • Электромеханика;
  • Кемелік және энергетикалық қондырғыларды пайдалану.

Талапкерлерді оқуға іріктеу жөніндегі шаралар толықтай алынғаннан кейін ҚТКФ курсанттармен еңбек шарттарын жасасты. Олар алдағы уақытта оқуды аяқтағаннан кейін жұмыспен қамтылып, ҚТКФ кемелерінде еңбек етпек.

Осы бағдарламаның талаптары бойынша ҚТКФ оқу құнының төлемақысынан бөлек курсанттарды Академияның жатақханасында төсек-орынмен, азық-түлікпен және әскери үлгідегі киіммен қамтамасыз етеді.

Аталмыш Бағдарлама танкерлік флот пен теңіз операцияларын қолдау флотының кадрлар тапшылығын шешуде оңды шешім табу және Қазақстан Рспубликасында теңіз көлігін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін әзірленді.

Болашақта Каспий теңізі арқылы жүк ағынының өсуі, сондай-ақ Каспийдің солтүстік бөлігінде жер қойнауларының қарқынды игерілуі кемелер санының өсуін болжамдайды, ал Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу» Заңының 25-бабына сәйкес командалық құрамның мүшелері ҚР азаматтары болуға тиіс.

Солтүстік Каспий мұнай жобаларының ойдағыдай іске асырылуын қамтамасыз ету және осы бойынша жұмыстарды іркіліссіз жүргізу мақсатында Теңіз сауда флотының, атап айтқанда ҚМГ еншілес ұйымы – ҚТКФ кеме қатынасы компаниясының дамуы үшін жағдайлар қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Осы ретте дамудың негізгі және басым мәнге ие мәселелерінің бірі – Ұлттық флотты теңіз саласындағы кадрлармен қамтамасыз ету болып табылады. Осы шаралар тек қана қаржы қаражатын емес сонымен қатар уақыт ресурсын талап етеді. Өйткені теңіз мамандарын әзірлеу процесі 5 жылдан 10 жылға дейін уақытты алады.

2010 жылы оқуды тәмамдаған курсанттар саны – 5 адамды, 2011 жылы – 11 адамды, 2012 жылы – 8 адамды құрады, 2013 жылы – 36 адам, 2014 жылы – 9 адам, 2015 жылы – 10 адам. 2016 жылы сонғы 24 курсант оқуын бітірді.

Олардың бәрі «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС-ның Каспий теңізіндегі және ашық теңіздердегі кемелеріне жұмысқа алынды.

КАНДИДАТТЫҢ ДЕРБЕС КАРТОЧКАСЫ