Кіріспе

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» АҚ (бұдан әрі – ҚТКФ немесе Қоғам) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 желтоқсандағы № 1239 Қаулысымен құрылды. Акционерлердің Жалпы жиналысының 2004 жылғы 16 ақпандағы №1 Шешімімен Қоғамның жарғылық капиталы 45950 мың теңгеге дейін ұлғайды. 2007 жылғы 25 сәуірдегі Қаржы көмегінің № 98-25 Шартымен және 2007 жылғы 20 маусымдағы № 140-28 Шартымен 3929375 мың теңге сомасында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ» ҰК АҚ) алынған уақытша қаржы көмегі қайта құрылымдау арқылы Қоғамның жарғылық капиталына енгізілді. «Бағалы қағаздардың тіркелім жүйесі» АҚ есептемелеріне сәйкес мәмілені жасасу 2009 жылғы 29 желтоқсанда аяқталды. Қоғамның жарғылық капиталы 45950 мың теңгеден 3975325 мың теңгеге дейін ұлғайды.

2010 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Қоғамның бағалы қағаздарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті басқасына ауыстырды. Акциялардың жалпы мөлшері 3975325 данадан 11575721 жай акцияға дейін ұлғайды.

ҚТКФ жарғылық қызметінің негізгі түрлері:

– жүктердің бүкіл түрлерін, шикі мұнай мен мұнай өнімдерін, басты жүктерді, контейнерлерді тасымалдау;

– кемелердің бүкіл түрлерінің, баржалардың, жүзетін доктардың және осы секілдінің, олардың қозғалтқыштары мен бөлшектерінің, қосалқы құрылғыларының және бөлшектерімен қоса жабдықтарының құрылысын салу, пайдалану, жөндеу, сатып алу, делдалдық қызметтерді ұсыну;

– кемелерді жалға беру (кемені жалдау, соның ішінде кемені экипажсыз жалдау), сондай-ақ кеме лизингі;

– отынның бүкіл түрлерін, майлау майларын, көмірді, газолинді және басқадай отын мен материалдар түрлерін сатып алу, сату;

– теңіз агентінің қызметтері;

– теңіз брокерінің қызметтері;

– стивидорлық және экспедиторлық қызметтер;

– кемелердің құрылысын салу, кеме жөндеу базасының құрылысын салу жөніндегі жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу;

– теңіз мамандықтары бойынша мамандарды даярлау;

– Заңнамамен тыйым салынбаған өзге қызмет түрлері.

Қоғам теңіз арқылы тасымалдаудың, каботаждық тасымалдың ұлттық операторы ретінде Каспий теңізінің акваториясында Қазақстанның мүдделігін танытып келеді. Қазіргі таңда Қоғам мына қызмет түрлерін жүзеге асырады: мұнайды теңіз арқылы тасымалдау; тас түрлерін теңіз арқылы тасымалдау; тас түрлерін құрлықта тасымалдау; Баутин поселкесінде орналасқан Теңіз операцияларын қолдау базасымен ұсынылатын қызмет көрсетулер, экспедиторлық қызметтер.

Мұнайды теңіз арқылы тасымалдау мұнайды Каспий маңы елдерінің Махачкала, Нека, Баку порттарына тасып шығаруды көздестіреді. Тас түрлері Баутин поселкесіндегі Теңіз операцияларын қолдау базасындағы айлақтан Каспий теңізінің қайраңында құрылысы салынып жатқан аралдарға дейін каботаждық тасымалдау арқылы жүзеге асырылады.

Қоғам активтерінің құрылымын мыналар құрайды:

1) сауда флоты: меншігіне сатып алынған танкерлер: «Астана», «Алматы» «Ақтау» – қаржы лизингі, әрбір танкердің салмағы 12,000 тонна; салмағы 13 000 тонналық «Атырау», «Ақтөбе», «Орал», сондай-ақ әрбір танкердің салмағы 115 000 тонналық «Афрамакс» типтес «Алатау» және «Алтай» танкерлері;

2) теңіз операцияларын қолдау флоты (ТОҚФ): 13 бірлік – «КМТФ-1», «Есіл», «Тобыл», «Орал», «Ертіс» магистральдық сүйреткіштері, жүккөтерімдігі 3,600 тонналық «КМГ» сериясының 8 баржа-алаңшасы;

3) инфрақұрылым объектілері: Маңғыстау облысының Баутин поселкесінде орналасқан Теңіз операцияларын қолдау базасы «ТеңізСервис» ЖШС меншігіне 2006 жылы берілді, Қоғам базаны жалға ала отырып, Теңіз операцияларын қолдау базасының қызметтерін ұсынады;

4) өзге өндірістік объектілер: «Айназар» тас түрлерінің кен орны.

Компания активтерінің құрылымы туралы қысқаша ақпарат

 

р/н «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» АҚ құрылымында ұйымның атауы Үлесі Шоғырландырылуы Шоғырландыру әдісі (қатысу үлесіне, құнына толықтай, барабар)
1 Kazmortransflot Ltd 100% иә толықтай
2 ТОО «Завод по ремонту малых судов в Мангистауской области» 30% иә қатысу үлесі
3 Kazmortransflot UK Ltd 100% иә толықтай
4 Alatau Shipping ltd 100% иә толықтай
5 Altai Shipping ltd 100% иә толықтай

«Баутин поселкесіндегі шағын кемелерді жөндеу бойынша зауыттың құрылысын салу» жобасын іске асыру барысында Қоғамның қатысу үлесі 30 %-бен «Маңғыстау облысы шағын кемелерді жөндеу бойынша зауыт» ЖШС құрылды. Қоғам аталмыш ЖШС қаржы есептілігін қатысу үлесінің әдісімен шоғырландырады.

«Афрамакс» типтес танкерлерді өз меншігіне сатып алу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру үшін 2011 жылғы 22 шілдеде Қоғамның 100% қатысу үлесімен «Alatau Shipping ltd» және «Altai Shipping ltd» еншілес ұйымдары тіркелді.

 

Өндірістік бағдарлама

2009-2011 жылдардың қорытындылары бойынша Қоғамның қызмет түрлері жөніндегі өндірістік бағдарлама №1 кестеде көрсетілді.

№1 кесте

Атауы Өлшем бірлігі Нақты 2009 Нақты 2010 Нақты 2011 Жыл бойынша өсу қарқындылығы
А 1 2 3 4 5 = 32 (%) 6= 43 (%)
1 Мұнай тасымалдау мың тонна 7 363 7 082 9 234 96% 130%
1.1 Ақтау-Махачкала бағыты бойынша мың тонна 3 815 3 878 3 833 102% 99%
1.2 Ақтау-Баку бағыты бойынша мың тонна 1 521 1 622 2 043 107% 126%
1.3 Ақтау-Нека бағыты бойынша мың тонна 1 782 575 14 32% 2%
1.4 Қара теңіз бағыты бойынша мың тонна 245 1 007 3 344 411% 332%
2 Экспедиторлық қызметтер мың тонна 3 378 3 361 2 880 99% 86%
3 Тас түрлерін теңіз арқылы тасымалдау мың тонна 1 339 1 699 502 127% 30%
4 Тас түрлерін құрлықта тасымалдау мың тонна 1 832 1 794 337 98% 19%
5 Құрғақ жүктерді тасымалдау мың тонна 0 0 14

Мұнай тасымалы

ҚТКФ 2011 жылғы қорытындылары бойынша мұнай тасымалының жалпы көлемі 9,2 млн. тоннаны құрады. 2010 жылмен салыстырғанда мұнай көлемі 30 %-ға өсті, бұл Қара теңіз арқылы мұнай тасымалының ойдағыдай дамуынан болды.

Ақтау-Махачкала – осы бағыт бойынша мұнай тасымалдау тұрақты болдың оның деңгейі 3,8 млн. тоннаны құрады.

Ақтау-Баку – 2011 жылы ҚТКФ өз меншігіндегі флотпен «Тенгизшевройл» ЖШС компаниясының 1 605 мың тонна мұнай көлемін тасымалдады. Сондай-ақ ҚТКФ есеп беру кезеңі ішінде аталмыш маршрут бойынша жалға алынған флоттың күшімен 438 мың тонна мөлшерінде басқадай компанияның мұнай көлемдерін тасымалдады, осының есебінен осыған ұқсас алдыңғы кезеңмен салыстырғанда мұнай көлемі 26 %-ға өсті. Бұдан бұрын мұнай тасымалдау тек қана «Тенгизшевройл» ЖШС үшін жүзеге асырылғандықтан, 2011 жылы осы бағыт бойынша мұнай көлемдері тысқары жүкжөнелтушілердің қосымша көлемдері есебінен өсуі байқалды.

Қара теңіз бойынша «Афрамакс» типтес 2 танкерді өз меншігіне сатып алу жөніндегі жоба 2011 жылғы желтоқсанда іске асырылды. ҚТКФ аталмыш бағытты мақсатты дамыта түсуі және тасып шығарылған көлемдердің серпінділігі осы бағыттың дұрыс белгіленіп отырғандығын дәлелдей түсті.

Осы орайда 2011 жылы Нека портының бағытында жоспарланбаған 14 мың тонна мұнай көлемі тасып шығарылды. Тиісінше, осыған ұқсас алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 2011 жылы тасып шығарылған мұнай көлемі 2 % құрады.

Нека портының (Иран) бағытында 2010 жылғы қорытындылар бойынша 575 мың тонна мұнай тасымалданды немесе ол осыған ұқсас алдыңғы кезеңмен (2009ж.) салыстырғанда 32 %-ын құрады. Тасымалдау көлемдерінің төмендеуі аталмыш мемлекетке қатысты экономикалық санкцияларды қолданысқа енгізу себептен Ақтау портынан Иран (Нека) бағытында мұнай тасымалдау көлемдерінің болмауынан болды.

Экспедиторлық қызметтер есеп беру кезеңі ішінде 2 880 мың тоннаны немесе осыған ұқсас алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 86% құрады. ҚТКФ тек қана «Тенгизшевройл» ЖШС көлемдерін тасымалдайтын болғандықтан, олардың тиелімі Ақтау портынан жүргізілді. Көрсеткіштердің төмендеуі Тенгизшевройл компаниясының тарапынан атаулы көлемдер жеткізілімінің толықтай жүргізілмеуінен болды.

2010 жыл бойынша экспедиторлық қызметтер 2009 жылмен салыстырғанда 99% құрады. Көрсеткіштердің төмендеуі Тенгизшевройл компаниясы тарапынан көлемдер жеткізілімінің толық жүргізілмеуінен, ал 2010 жылы мұнайға берілетін квотаға қатысты туындаған проблемалардан болды. Осы орайда ТШО Қазақстан Республикасының Мұнай және Газ Министрлігінің Оңтүстік маршрут бойынша ТШО мұнайды экспортқа шығаруына шектеу қою және оның 2010 жылғы қыркүйектің 3-онкүндігіне дейін іс-әрекетте болуынан тиісті мұнай көлемдерімен қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие болмады.

Аджип ККО компаниясының мердігері ретінде Солтүсік Каспий жобасының шеңберінде жасанды аралдардың құрылысын жүзеге асырып отырған «Энка Иншаат ве Санайи А.Ш.» компаниясының ресми хаттарына сәйкес 2011 жылы тас түрлерін тасымалдау көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 3 есеге қысқарды. Аталмыш көрсеткіштердің төмендеуі Қашаған жобасының екінші фазасын кейінге қалдыру салдарынан болды. Осыған орай осыған ұқсас алдыңғы кезеңмен салыстырғанда тас түрлерін теңіз арқылы тасымалдау көлемі 30%-ға төмендеді. Сондай-ақ тас түрлерін құрлықта тасымалдау көлемі осыған ұқсас алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 19% құрады.

Қаржы-экономикалық көрсеткіштер

ҚТКФ 2009-2011 жылдар кезеңі ішінде негізгі шоғырландырма экономикалық көрсеткіштердің орындалуы төмендегі кестеде көрсетілді.

№2 кесте (мың тенге)

Көрсеткіштер Нақты Нақты Нақты Жыл бойынша өсу қарқындылығы
2009 2010 2011
А 1 2 3 4 5 (%) = 32 6 (%) = 43
1 Кірістер, соның ішінде: 23 406 712 23 081 205 19 908 563 99% 86%
1.1 Өнімді сатып өткізуден және қызмет көрсетулерден түске кірістер 21 781 142 22 876 676 19 790 513 105% 87%
1.2 Қаржыландырудан түскен кірістер 1 065 277 133 406 45 329 13% 34%
1.3 Өзге кірістер 560 293 71 123 72 721 13% 102%
2 Шығыстар, соның ішінде: 20 601 666 20 723 120 18 431 331 101% 89%
2.1 Өзіндік құны 17 682 413 18 730 214 16 613 395 106% 89%
2.2 Сатып өткізу бойынша шығыстар 301 460 382 702 148 429 127% 39%
2.3 Жалпы және әкімшілік шығыстар 953 989 868 785 1 230 372 91% 142%
2.4 Қаржыландыру шығыстары 1 208 800 735 720 402 202 61% 55%
2.5 Өзге шығыстар 455 004 5 699 36 933 1% 648%
3 Жиынтық табыс 2 185 328 1 287 042 1 342 962 59% 104%

2011 жылғы ҚТКФ кірістері 20 млрд. теңгені құрады. 2010/2009 жылдардың деңгейіне қатысты көрсеткіштердің төмендеуі тас түрлері бойынша көлемдердің төмендеуінен болды. 2010 жылғы ҚТКФ кірістері 23 млрд. теңгені құрады. 2009 жылдың деңгейіне қатысты көрсеткіштердің жоғары болуы мұнай бұрғылау қондырғысына қызмет көрсету бойынша ұсынылатын қызмет көрсетулер көлемінің ұлғаюынан болды.

Қоғамның 2011 жылғы шығыстары 18,4 млрд. теңгені құрады. 2010/2009 жылдар деңгейіне қатысты көрсеткіштердің төмендеуі тас түрлері бойынша көлемдердің төмендеуінен болды. ҚТКФ тартылмаған активтерді күтіп-ұстаумен байланысты шығыстарды оңтайландыру бойынша жұмысты жалғастырды.

 

2010 жылы жиынтық табыстың 2009 жылмен салыстырғанда төмендеуі өз меншігіне танкерлерді сатып алумен болды. Атап айтқанда, мерзімі кейінге қалдырылған салықтар бойынша резерв (ХҚЕС стандарттарына сәйкес) құрылды. 2011 жылы жиынтық табыстың төмендеуі тас түрлерін өндіру және тасымалдау көлемдерінің қысқаруы салдарынан болды. Көлемдер 3 еседен жоғары қысқарды.

 

Күрделі қаржы жұмсалымы

2009-2011 жылдар кезеңі ішінде күрделі қаржы жұмсалымының орындалу деңгейі тқмендегі кестеде көрсетілді (№3 кесте).

№3 кесте (мың теңге)

№ п/п Атауы Нақты 2009 Нақты 2010 Нақты 2011 Жыл бойынша өсу қарқындылығы
1 2 3 4 5 6=5/4 7=4/3
Барлығы күрделі қаржы жұмсалымы 5 121 251 6 472 611 15 977 423 247% 126%
Өндірістік сипатына ие 5 031 702 6 272 083 15 849 853 253% 125%
1.1. Инвестициялық жобалар, соның ішінде 4 861 067 5 084 837 15 284 117 301% 105%
1.1.1 3 мұнай құю танкерінің құрылысы 4 861 067 5 090 376 0 0% 105%
1.1.2 «Афрамакс» типтес екі танкерді өз меншігіне сатып алу 15 284 117
2.1 Ағымдағы қызметті тиісті деңгейде ұстау, соның ішінде 170 635 1 187 246 565 736 48% 696%
2.1.1 Сауда флотының құрылысы 87 925 891 201 332 820 37% 1020%
2.1.2 Теңіз операцияларын қолдау флотының құрылысы 62 813 85 625 229 451 268% 136%
2.1.3 Теңіз операцияларын қолдау базасы 19 897 204 881 3 465 2% 1030%
Әкімшілік сипатындағы және өндірістік емес саласында 89 549 200 528 127 570 64% 224%
3.1 Негізгі жабдықтарды және МЕА сатып алу 89 549 200 528 127 570 64% 224%