2019 жылдың 29-30 наурызында Нұр-Сұлтан қаласында ҚМГ Жастар ісі жөніндегі кеңестің екі күндік отырысы өтті, оған «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобының еншілес және тәуелді ұйымдарының Жастар кеңестерінің 80-ге жуық өкілдері қатысты. Форумға «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Жастар кеңесінің мүшелері Ерқанат Ғабдуллин және Олеся Краснова қатысты.

Қатысушыларға жан-жақты бағдарлама ұсынылды. Жас мамандар үшін команда құру, уақытты басқару және олардың қабілеттерін анықтауға бағытталған даму тренингтері ұйымдастырылды. Әсіресе трансформациялық ойындар қызықты болды, бұл ерекше жүйеде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

«Жиналыс делегаттары топтарға бөлінуі керек, әрқайсысы компаниялардың жастар саясатындағы өзгерістер жобасын жасап, содан кейін оларды ұсынуға және оларды қорғауға қабілетті болуы керек», – деп атап өтті «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Жастар кеңесінің төрағасы Ерқанат Ғабдуллин.

Бұл тренингтердің мақсаты – жас қызметкерлерді идеяларды қалыптастыруға үйрету, сосын оларды аудиторияға таныстыру, жобаларының маңыздылығын айқындау және олардың тиімділігін дәлелдеу. Идеялар компанияның жастар саясатын дамытуға және жаңартуға бағытталған және әлеуметтік, кәсіптік, инновациялық салаларға, автоматтандыру және сандық элементтерді енгізуге қатысты болуы мүмкін.

Презентациялардың қорытындысы бойынша Жастар ісі жөніндегі Кеңестің жаңадан құрылған Комитетін құрған бес үздік қызметкер іріктелді. Комитет жыл бойы жаңартылған жастар саясатын іске асырумен, жас кадрлармен айналысатын мәселелерді шешумен, жаңа жобаларды әзірлеу мен енгізумен айналысатын болады. Ескеретін жәй, бұған дейін басқарушы директор кеңестің төрағасы болған, қазір бес ең шығармашылық, өршіл және озық жас қызметкерлер кеңестің басшысы болады.

Бұдан басқа, форумның маңызды оқиғасы «ҚМГ ҰК болашағы 10 жыл» тақырыбындағы сессия болды. Ұлттық компанияны қандай ауқымды өзгерістер күтіп тұрғанын анықтау барлық қатысушыларға қызықты болды. Форумның екінші күні ҚМГ жастар қозғалысының фасилитациялық сессиясы болды.