10 тамызда «Қазақтеңізкөлікфлоты» қызметкерлері «Бірге – Таза Қазақстан» және «Таза жағалау» экологиялық акцияларына қатысуда. Сенбілік Халықаралық Каспий күніне орай өткізілуде.

«Қоршаған орта мен экологияның әл-ауқаты – бұл жемісті болашақтың кепілі, сондықтан біз әрқашан осындай шараларға қуана қатысамыз», – деп атап өтті компания өкілдері.

ҚТКФ ұжымы Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мирзағалиевтің бастамасымен құрылған #Birge #TazaQazaqstan эко-челленджін қолдайтындардың қатарында.