Баутино портында «Талас» буксирінің бортында «Тобыл», «Есіл», «Талас», «Ырғыз» сүйреткіштерінің экипажына, соның ішінде аға механик, кезекші механик және электромеханиктеріне арналған «Энергия көздерін оқшаулау ережелері (LoTo)» тақырыбында оқыту шаралары ұйымдастырылды. Оқытуды Қазақтеңізкөлікфлоты компаниясының Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қызметінің бастығы Бауыржан Қайболдиев жүргізуде.