8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Бас директоры, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Орманов Марат Көшкінбайұлы Ақтау қаласының көпбалалы отбасында болды.

Айгүл Хайрова алты баланы өзі тәрбиелеуде.

Тұңғышы 18 жаста, колледжде білім алуда. Айгүл Қуандыққызы әзір жұмыс жасай алмайды, себебі 2,5 жастағы ең кішкентай баласымен үйде.

ҚТКФК басшылығы әлеуметтік көмек шеңберінде көп балалы және жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетіп келеді. Көктемнің алғашқы мерекесінде Марат Көшкенбайұлы жалғызбасты көпбалалы ананы Әйелдер күнімен құттықтап, мықты денсаулық, көктемнің шуағы мен амандығын тіледі.

Айгүл Хайрова әдемі гүл шоқтармен қатар, қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етілді.