Қазақтеңізкөлікфлоты ұжымы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қосқан үлесі үшін Мемлекет басшысына алғыс білдіреді. Оқырмандарымызға Қазақстанның ұлттық флоты Елбасының бастамасымен құрылғанын еске салғымыз келеді.

1998 жылы Үкімет «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясын құруға шешім қабылдады. Мемлекет жеке тасымалдаушылар болмаған кезде ұлттық флотты қалыптастырудың күрделі міндетін өз үлесіне алды.

– Ақтау теңіз портының мүмкіндіктерін қоса алсақ, біздің еліміз үлкен экспорттық әлеуетке ие, – деген, Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық флот қалыптасуының алғашқы жылдарында.

Қазақтеңізкөлікфлоты 20 жылдың ішінде көсбасшы кеме қатынасы компаниясына айналды.

Ұлттық компанияда қазір 26 кеме бар. Оның ішінде 8 танкер, айта кететін жәй 2 танкер Жерорта теңізі мен Қара теңізде жүруде. ҚТКФ Теңізшевройлдың Болашақ кеңейту жобасына қатысады.
Қазақтеңізкөлікфлоты жас ұрпақтың әлеуетіне сенеді: компанияның гранты есебінен 100-ге жуық қазақстандық азаматтар ресейлік жетекші жоғарғы оқу орындарында теңіз мамандықтары бойынша оқытылды. Осы курсанттардың көпшілігі ҚТКФ-жа жұмыс жасауға келді.

Компания еліміздің ішкі флотын дамытуды жалғастырады, теңіз тасымалы нарығында одан да жақсы нәтижеге қол жеткізеді және Қазақстанның Тұңғыш Президенті белгілеген бағытта жүруді жалғастырады. Себебі, Қазақтеңізкөлікфлоты әрқашан дұрыс бағытта жүреді!