Дәстүр бойынша, 1 шілдеден 30 қыркүйекке дейін еліміздің барлық аймақтарында 12-ші рет «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтуде.

Биыл бұл акция «Жүректен жүрекке» ұранымен басталды. Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы және жағдайы төмен отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезінде көмек көрсету болып табылады.
Ақтау білім беру ұйымдары «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК-днн қайырымдылық көмек сұрады.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК ұжымы атаулы ұсынысты қолдап, Маңғыстау облысындағы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына қатысып, облыстағы көпбалалы, жағдайы төмен отбасы балаларына канцеляриялық тауарлармен (рюкзак, дәптерлер, кітап пен дәптер қабы, қаламсап т.б.) көмек көрсетті.

Атаулы көмек «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы арқылы да көрсетілді.