18-22 қыркүйек аралығында Алматы қаласында “TransLogistica Kazakhstan” 23-ші Қазақстандық халықаралық көлік және логистика көрмесі өтуде. Бұл Орталық Азиядағы көліктік-логистикалық қызметтер мен технологиялар саласындағы маңызды оқиғалардың бірі. Көрме халықаралық көлік пен транзитке қатысты бірқатар мәселелер бойынша компаниялар үшін кешенді салалық шешімдерді ұсынады.

Көрмеде көлік қызметтері, логистикалық қызметтер, көлік инфрақұрылымы, қаржылық қызметтер, кеден қызметтері және т.б. бөлімдер ұсынылды.

Атаулы шараға “Қазақтеңізкөлікфлоты” ҰТКҚК қатысуда. Секциялық отырыста «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК атынан Бизнесті дамыту департаментінің директоры Еркін Нығметов баяндама жасады. Ол фидер хабарламасында жіберілген тауарлар туралы мәліметтерді жариялады, сонымен қатар компанияның қызмет аясы туралы айтты. Айта кету керек, ҚТКФ «Үздік көрме экспозициясы» номинациясы бойынша кубок иегері болды.