15-16 қараша күндері Мәскеуде «ИнфоПространство» конгресс-орталығында мемлекеттік органдардың, заң шығарушы органдардың және қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен «HEAVY RUSSIA 2018»конференциясы өтті.

Атаулы шараға «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК компаниясының өкілі, маркетинг және келісімшарттар департаментінің бас маманы Бауыржан Жайғалиев қатысты. Ол «2018 жылы «Өнеркәсіптік перспективалар және маңызды жобалар» тақырыбындағы сессия жұмысында «Каспийде жобалық жүктерді тасымалдау». «Теңізшевройлдың» модульдерді тасымалдау жобасына қатысу» тақырыбында баяндама оқыды.