Мұсақожаева Айман Қожабекқызы – әйгілі скрипкашы, КСРО мен Қазақстанның халық артисі, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, Қазақстанның еңбек қайраткері, Қазақстанды бүкіл әлемге дәріптеген музыкант. Оған қоса ол Қазақтеңізкөлікфлотының «Алматы» танкерінің кіндік мамасы.

15 қараша күні Айман Қожабекқызы «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК ұжымымен кездесіп, Компанияның 20 жылдық мерейтойымен құттықтады. Кездесу барысында Компанияға сәттілік тілеп, «Алматы» танкерін алғаш суға түсіру мен кеме корпусына шампан бөтелкесін сындыру рәсімдерін ерекше жылы лебізбен еске алды.

Өз кезегінде «Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК қызметкерлері Айман Қожабекқызына компанияның табысты жұмысы, дамуы мен алдағы жоспарлары жөнінде баяндады. Олар әйгілі скрипкашыға «Алматы» танкерінің күні бүгінге 7,7 млн. тонна мұнай тасымалдап, Қазақстанның ұлттық флотына адал қызмет етіп жүргені жөнінде мақтанышпен айтып өтті. Бұл өте жылы атмосферада өткен кездесу болды!

Кеште Ақтауда ұлы скрипкашының концерті өтті. «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК ұжымы ұйымшылдықпен концерт тамашалап, риза болды.