«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК ұжымына «Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлерінің және соғыс балаларының Кеңесі» ҚҚ басшылығынан Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған «Ардагер.kz» журналына жазылу жөнінде ұсыныс келіп түскен болатын.

ҚТКФ ұжымы атаулы өтінішке әдеттегідей оң ықылас танытып,  Жаңа жыл қарсаңында Алматы мен Ақтау қалаларында тұратын ҚТКФ ұжымының қамқорлығындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін жылдық жазылуды ұйымдастыру туралы шешім қабылдады.

Айта кететін жәй, 2002 жылдан бастап Компания ұжымы атаулы бағытта тұрақты түрде әр түрлі іс-шаралар өткізіп келеді: ардагерлердің үйлеріне бару және оларға қолдау көрсету, дәрілік заттар мен тағамдарды сатып алуға көмектесу, мерекелерде құттықтау т.б..