«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Алик Айдарбаев Баку қаласында Әзірбайжанның SOCAR мұнайгаз компаниясының президенті Ровнаг Абдуллаевпен кездесті. Қазақстандық делегацияның құрамында «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» ЖШС бас директоры Марат Көшкінбаев Орманов болды.

Кездесу барысында мұнайгаз саласының барлық сегментіндегі ынтымақтастық перспективалары мен жақын арадағы болашаққа өзара әрекеттің жоспары талқыланды. SOCAR және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы басшылары Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Кездесу аясында «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы мен SOCAR маркетинг және экономикалық Басқармасы арасында көмірсутек тасымалы салысындағы ынтымақтастықты дамытуға қатысты хаттамаға қол қойылды.