Бүгін компанияның Бас директоры Орманов Марат Көшкінбайұлы бастаған «Қазмортрансфлот» ұжымының ер азаматтары 8 наурыз – көктем мерекесінде ұжымның қыз-келіншектерін мерекемен құттықтады. Марат Көшкінбайұлы өз құттықтауында ұжымдағы қыз-келіншектерге жұмысқа деген сүйіспеншілігі, жоғары кәсіби қасиеттері үшін алғыс білдіріп, жемісті еңбек тіледі.

Құттықтау сөздері мен жылы лебіздерден кейін жоғары кәсібилігі мен еңбекқорлығы, қызметтегі табысы үшін Анисимова Эльвира, Есниязова Айсұлу және Нусупова Жанарға «Қаз Мұнай Газ» ҰК »АҚ алғыс хаттары тапсырылды.

Осы көктемнің әдемі де шуақыты мерекелік күнінде ҚТКФ ұжымы барлық қыз-келіншектерге денсаулық, бақыт, нәзіктік сезім мен көтеріңкі көңіл күй тілейді. Барлық арман-тілектеріңіз орындалғай!