Дәстүр бойынша «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы қала тұрғындарына Наурыз мерекелік шарасын өткізді. Мерекелік іс-шара ҚТКФ ғимаратының жанындағы алаңда өтті. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары, компания ардагерлері мен қала тұрғындары іс-шараның құрметті қонағы болды.

Мереке қызметкерлер арасындағы ұлттық нақыштағы байқау үлгісінде өтті. Қазылар алқасы құрамында Маңғыстау облыстық әкімдігінің және Ақтау қалалық мәслихатының өкілдері болды.

Мерекеде байқау барысында қазылар алқасының мүшелері, компания басшылығы мен қонақтар ҚТКФ қызметкерлерінің өнерін, шеберлігін бағалады. Бірінші болып ұлттық тағамдар көрмесі өтті. Барлық командалар әралуан және қызықты тағамдар ұсынып, даярлау тәсілі туралы айтып берді. Барлық қонақтар ұсынылған астан дәм тата алды. Бұл айналымда Бас директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасарының блогы жеңді. Екінші орын – қаржы, үшінші орын – техникалық блокқа бұйырды.

Келесі болып көрермендердің назарына ұлттық нақыштағы киімдер көрсетілімі ұсынылды. Қонақтарға бұл сайыста ерекше ұнағаны, байқауға кызметкерлердің отбасы мүшелері – балалар мен ақсақалдарымен қоса қатысқандығы. Көшбасшы болып қаржы блогы танылды. Екінші орынды Бас директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары блогы алып, үшіншін орын – коммерциялық блокқа бұйырды.

Ең қызықты және әсерлі кезең – командалар ұлттық салт-дәстүрлерді көрсетуі тиіс үй тапсырмасы болды. Қазақтеңізкөлікфлоты қызметкерлері іс-шара қонақтарын «Көрісу дәстүрі», «Тұсаукесер рәсімі», «Бесікке салу салты», «Балаға ат қою рәсімі» тәрізді дәстүрлермен таныстырды. Айта кететін жайт, дәстүрге сәйкес бала тұсау кесері және ат қою рәсімі шын мәнінде өтті. Оларға компания қызметкерлерінің бала-немерелері мен ҚТКФ қамқорлығындағы балалар үйінің сәбилері қатысты. Бас директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары блогының өнер көрсетуі ең үздік деп танылды. Екінші болып қаржыгерлер, үшінші орын техникалық блоктың еншісінде болды.
Барлық командалар өте жақсы дайындалып, ұйымдастырушылық қабілетінің жоғарғы деңгейін көрсетті. Байқауға тек жауапкершілікпен, дәстүрге деген құрметпен ғана емес, сонымен қатар шығармашылық шебер икемділік те көрсетілгенін атап өткен жөн.

Іс-шараның бағдарламасы тартымды болып, әртістер мен қызметкерлер конкурстар арасында музыкалық нөмірлер көрсетіп, ойындар да ойнады. Сонымен қатар, балалар мен ересектерге көңіл көтеру үшін жақын маңда алтыбақан орнатылды. Жас көрермендерге аниматорлардың қатысуымен арнайы бөлек бағдарлама ұйымдастырылды. Балалар ойнап, билеп, ән шырқады.

Алаңда орнатылған киіз үйлерде мерекелік шара жалғасын тапты. Әр қонақ ұлттық тағамдардың дәмін татып, теңізшілер тудырған тату, ынтымақтас көңіл-күйде Жаңа жылды қарсы ала алды. Сала ардагерлерінің бірі мерекенің ұйымдастыру деңгейіне, компанияның шынайы көңіл қарасына ерекше риза болып, Бас директор Марат Ормановқа үлкен алғысын білдірді.