3-10 тамыз аралығында Ақтауда 27 рет «Алтын Нактоуз» Каспий Кубогы халықаралық крейсерлік яхталардың жарысы өтті. Желкенді регата «Каспий – достық теңізі» ұранымен өткізілді. Жазғы теңіз аясында көптеген ақ-желкендер ұмытылмас атмосфера жасады. Шараға ҚТКФ-нан теңізші ретінде Қызметкерлер құрамын басқару департаментінің директоры Ж.Аязбеков қатысты.

Жарыстың бірінші кезеңінде экипаждар жарысқа Ақтау су аймағындағы (10 миль) үшбұрышты қашықтықты өтті. Екінші және үшінші турларда олар Ақтау – б. Кендірлі (ары-бері) бағыты бойынша жүзіп, жалпы алғанда 194 мильді басып өту шар болды. Соңғы, төртінші кезең – Ақтау су аймағында үшбұрышты қашықтыққа жүзу. Бұл тек желкенді жарыс екенін айта кету керек.

Жарыстар 2017-2020 жж. Желкенді жарыс / RRS / ISAF ережелеріне сәйкес өткізілді.