2019 жылдың 25 қыркүйек күні «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС “Бекет ата” құрғақ жүк кемесімен Болгарияның Варна портынан Түркияның Бандырма портына бидай ұнын жеткізді. Кеме Қазақстан туын желбірете отырып, Ресейдің ішкі су жолдары арқылы Қара теңізге кірді.

2019 жылдың тамызына дейін “Бекет ата” құрғақ жүк кемесі Каспий теңізінде жүк тасымалымен айналысқан болатын.

Болашақта кемені Қазақстан туымен Қара теңізде тасымалдауда пайдалану жоспарлануда. Келесі жүк сапары Новороссийск портынан Түркияның Гебзе портына жоспарлануда.