ҚТКФ бойынша 2018 жылдың қорытындысы бойынша бірнеше дәстүрлі номинациялардың жеңімпаздары анықталды.

«Үздік қызметкер-2018» номинациясының жеңімпазы – Қайболдиев Бауыржан Амандықұлы, Еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы бөлімінің бастығы.

«Үздік құрылымдық бөлімше – 2018» номинациясы бойынша жеңімпаз – Сатып алуды ұйымдастыру және жергілікті қамту қызметі. Басшысы – Авакян Сергей Арменакович.

«Үздік жаңа жылдық кабинет безендіру – 2018» номинациясы бойынша:

Жаңа жылдық дәстүрлерді сақтағаны үшін – Құжаттамалық қамтамасыз ету және ақпараттық технологиялар департаменті. Департамент директоры – Есетов Қуаныш Калпенұлы.

Креативтілігі үшін – Маркетинг және келісімшарттар департаменті, Флотты коммерциялық пайдалану қызметі. Басшылары – Нығметов Еркін Талғатұлы, Медина Тұрлан Дүйсешұлы.

Тапқырлығы үшін – Құқықтық қамтамасыз ету және келісімшарттар департаменті. Департамент директоры – Мұхамеджанов Жамарт Сәрсенбекұлы.

Ең әдемі шырша үшін – теңізде жүзудің сапасы және қауіпсіздігі департаменті. Департамент директоры – Павел Александрович Лемищенко.