30 қаңтарда «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК-да «НұрОтан» партиясының бастауыш партия ұйымының (БПҰ) жиналысы өтті. Жиналыс барысында партияның мүшелері 20 жыл бойы партия қызметінің нәтижелерін және «НұрОтан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасының негізгі бағыттарын талқылады, Ақтау қалалық филиалының кезекті 28-ші конференциясына делегаттар сайлады.

БПҰ партияның негізгі жұмыс құралы, оның негізі болып табылатыны атап өтілді. 2030 жылға дейінгі партиялық бағдарлама жобасы бес институционалдық реформаға негізделген, бұл мемлекетімізді әлемдегі ең дамыған елдердің бірі болу үшін реформалаудың дұрыс жолы. Партия елдегі жетекші саяси күш ретінде, Төраға айқындаған стратегия шеңберінде, алдағы онжылдықтың 10 негізгі мақсатына жету жолында өзінің басты күш-жігерін бағыттайды.

Әсіресе, ұжымдағы партия мүшелері үлкен мүмкіндіктердің болашақ иелері – жастарды қолдау жөнінде әңгіме болды. Бүгінгі жастардың дамуына инвестиция құю – ертеңгі инновациялық экономикаға инвестиция салу.

Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы біздің еліміздің стратегиялық бағытының қозғалтқышы болуы тиіс. Оларды жан-жақты қолдау партияның басымдықтарының бірі болып табылады. Осы негізде патриоттық сезімді дамыту мен әр жас қазақстандықтың белсенді өмірлік ұстанымы қазіргі қазақстандық қоғам үшін маңызды болып табылады.

Жиналыс барысында екі жаңа партия мүшесіне – жас мамандар Краснова Олеся Алексеевна мен Кусаинова Аксүирик Ерболқызына партия билеттері тапсырылды.