Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіндегі қалдықтарды басқару бөліміндегі өзгертулерді ескере отырып, атап айтқанда, Даму тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында «пластикалық қалдықтар, пластик, полиэтилен, макулатура, картон макулатура, кюллет және басқаларын полигонда көму үшін қабылдауға тыйым салу», сонымен қатар Қазақстандағы «жасыл» экономика Концепциясын дамыту аясында, қоқысты бөлек жинау, қалдықтарды басқару және оларды қайталама шикізат ретінде пайдалану жүйелі түрде енгізілуде, осы ретте балама шешімдерді іздеу қажеттілігі туындайды.

«Қазақтеңізкөліксфлоты» ҰТКҚК» ЖШС экологиялық заңнаманы және халықаралық стандарттарды сақтау бойынша өзіне міндеттемелер алады.

17 шілдеде ҚТКФ-да «Қағазға екінші өмір сыйла!» акциясының басталғаны жөнінде жарияланды, оған компанияның әр қызметкері қатыса алады.

Акцияның мақсаты – компания қызметкерлерінің назарын табиғи ресурстарды кәдеге жарату қажеттілігіне аудару.
Акция барысында, 2019 жылдың 17-26 шілдесі аралығында макулатура жинау қажет болады, ол журнал, газет, кітап, картон, ақ қағаз, ұсақтағыштардан алынған қағаз, әртүрлі қағаз орамалары, буклеттер болуы шарт. Қоршаған ортаны қорғау қызметінің мамандары жиналған макулатура салмағын өлшегн соң, нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталып, сыйлықтар тапсырылатын болады.

Сондай-ақ, қоқыс жинау үшін ҚТКФ кеңсесінде экологиялық қораптар да орнатылды.
Акцияның бұл түрі, ең алдымен, біздің қызметкерлеріміздің қоршаған ортаны қорғауы мен өмір сүру салтын көрсетпек!