Ақтау қаласында «Біз адамдар – Біз біргеміз» қоғамдық қоры аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына арналған Жаңа жылдық қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Акцияға «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС ұжымы да қатысып, облыстың балаларына тәтті сыйлықтар тапсырылды.

Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы үшін атаулы бағыттағы іс-шаралар дәстүрге айналып, Қазақтеңізкөлікфлоты қызметкерлері оларға үлкен қуанышпен қатысуда!