«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК-да «Теңізшевройл» Болашақ Кеңейту Жобасының 2018 жылғы операциялық кезеңінің қорытындысы бойынша кеңес өтті.

2018 жылдың басты оқиғасы «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК-ның «Теңізшевройл» Болашақ Кеңейту Жобасына қатысуы болды. Осы мақсатта ҚМТФ «Барыс», «Сұңқар» және «Бүркіт» үш арнайы көпфункционалды кемелерінің құрылысын жүргізді. Олар Құрық пен Прорва порттары арасындағы үлкен өлшемді модульдерді тасымалдайды. Қазіргі заманауи «Талас», «Ембі» және «Ырғыз» буксирлерінің құрылысы 11 айда аяқталып, пайдалануға берілді. НКОК арнайы режимімен 2 баржа тартылды.

Жоба аясында 28 модуль, 25 260 мың тонна жүк, салмағы 1900 тонна модуль тасымалданды.
2018 жылдың операциялық кезеңінде тұрақты негізде тексерулер жүргізілді.
Жоба шеңберінде жүргізілген инспекциялардың нәтижелері ҚТКФ теңізде жүзу қауіпсіздігі бойынша барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келетіндігін көрсетті.

Blue Water Shippingтің CaTRo сүйреткіштерінің Қауіпсіздік Басқару Жүйесіне жүргізген тексерулерінің нәтижесінде «Талас», «Ембі» және «Ырғыз» кемелеріне 5 жыл мерзімге кеменің қауіпсіздігін басқару Сертификаттары берілді.

2 ауысымдағы (вахта) экипаж саны 102 адамды құрайды, оның ішінде 3 MCV – 72 адам, ал 3 сүйреткіште – 30 адам.

CaTRo сүйреткіштері мен баржалардағы келеңсіз оқиғалардың алдын-алу мақсатында 2018 жылы ҚТКФ 3 қызметкері IIF курстарынан (қауіпсіздік мәдениеті бойынша жаттықтырушыларға арналған оқыту), 34 қызметкер IIF курстарынан (сүйреткіштердің экипаждарының 24 мүшесі, жобалық топтың 10 мүшесі) өтті, экипаждың 20 мүшесіне арналған ELC курстары өткізілді.

Жүргізілген техникалық тексерулер барысында анықталған кемшіліктерді жою үшін жедел шаралар қабылданды. «Damen shipyards» кеме құрылысы зауытымен кепілдік міндеттемелері негізінде бірлескен жұмыс жүргізілуде.
Кеңес қорытындысы бойынша 2019 жылға жоспарлар белгіленіп, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Бас директоры М.К. Орманов жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.