Бүгінде «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС (ҚТКФ) бойынша ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, OHSAS 18001:2007, ISO 9001-2016 ҚР КС, ISO 14001-2016 ҚР КС, OHSAS 18001-2008 ҚР КС халықаралық және ұлттық стандарттарына сәйкес ҚТКФ тұрақты дамуына негіздеме болып табылатын сапа, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында Менеджменттің біріктірілген жүйесі (МБЖ) қолданысқа енгізіліп, сертификатталды.

ҚТКФ бойынша МБЖ қолданылу аясы: кемелерді басқару, кемелерді теңіз портында мұнай құю айлақтарына қоюды ұйымдастыру, порттағы жүктердің экспедициясы.

ҚТКФ қолданысқа енгізілген МБЖ тиісті деңгейде күтіп ұстауда. 2018 жылғы мамырда ҚТКФ бойынша «Орыс тіркелімі» сертификаттандыру жөніндегі орган тарапынан МБЖ сыртқы сертификаттандыруға аудит өткізілді. Сыртқы сертификаттандыруға аудит өткізу мақсаты ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, OHSAS 18001:2007, ISO 9001-2016 ҚР КС, ISO 14001-2016 ҚР КС, OHSAS 18001-2008 ҚР КС халықаралық және ұлттық стандарттарының талаптарына сәйкес болу, сондай-ақ оның ұдайы нәтижелілігін арттырып отыру болды.

Менеджменттің сертификатталған жүйелерінің болуы ҚТКФ дамуының маңызды құрама бөлігі ретінде әлімдік және ішкі нарықта бәсекеге қабілеттіліктің бірден бір қажетті талаптарының бірі болып табылуда.

ҚТКФ сапа, еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласында Стратегиялық мақсаттарды жыл сайын пысықтай отырып, менеджменттің біріктірілген жүйесін жақсарту және дамыту бойынша бағыттарды айқындау мақсатында оның жұмысын талдайды.

ҚТКФ МБЖ құрудың негізгі қағидаттары мен әдіснамасы МС ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 9001 ҚР КТ, ISO 14001 ҚР КС, OHSAS 18001 ҚР КС сәйкес келеді және ҚТКФ қызметін ұдайы жақсартуға және тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыруға бағытталмақ.

ҚТКФ қызметін тұрақты негізде жақсартып отыру тұтастай МБЖ жұмысының бұлжымайтын мақсаты ретінде ұғынған жөн.

Ұдайы жақсарту әр адамның өзінен басталып, жақсарту жолындағы бастапқы қадам – бұл оның жеке басының қаситтерін, білімін, дағдылары мен шеберлігін одан әрі жетілдіру болып табылады.

Екінші қадам – алдымен жүйелі оқыту және тілектестік ортаны қалыптастыру арқылы команда жұмысын жетілдіру.

Үшінші қадам – жұмыс тәртібін ұйымдастыру және оны тиісті деңгейде ұстау арқылы «тұратын өз ортасын», жұмыс орнын, жұмыс аймағын жақсарту.


Сертификаты соответствия:

ISO 9001
ISO 14001
OHSAS 18001
ISO 9001 IQNet
ISO 14001 IQNet
OHSAS 18001 IQNet
СТ РК ISO 9001
СТ РК ISO 14001
СТ РК ИСО 18001