Қызметі теңізбен және осы орайдағы тәуекелмен тікелей байланысты және тасымал қызметтерін ұсынатын компания ретінде танылған «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» АҚ (бұдан әрі – ҚТКФ) тәуекелді басқару маңыздылығына баса назар аударуда. Басқару бойынша нақтылы алынатын іс-шараларсыз іске асырылатын белгілі бір тәуекелдердің болуы ҚТКФ өз алдына қойған мақсаттарынан бөлек тұтынушалар мен серіктестердің мақсаттарына теріс әсерін тигізіп, сондай-ақ ҚТКФ тарапынан ұсынылатын қызметтердің сапасын төмендете түспек.

Тәуекелді басқарудың корпоративтік жүйесін қолданысқа енгізу корпоративтік басқарудың тартымды практикасы ретінде халықаралық бизнесте кеңінен пайдаланылуда.

Тәуекелді басқару жүйесі ҚТКФ құнын барынша ұлғайтуды ұйымдастыру және ҚТКФ жоғары басшылығының басшылық етуімен және бақылау жүргізуімен оны басқару әдістерін әзірлеу қабілетіне ықпал ететін корпоративтік тәуекелді бағалаумен орайластырылған стратегиялық процесті білдіреді. ҚТКФ өз алдына қойылған стартегиялық пен операциялық мақсаттарға қолжетімді болу үшін ҚТКФ мүдделі құрылымдық бөлімшелері мен ІБжәнеТҚБ бірлесе тәуекелді сәйкестендіруді, тәуекелді бағалауды уақтылы жүзеге асыра отырып, тәуекелді мейлінше төмендету бойынша іс-шараларды әзірлеп, оларды қолданысқа енгізеді, сондай-ақ тәуекел мониторингін жүзеге асырады.

Ішкі бақылау және тәуекелді басқарудың корпоративтік жүйесін қолданысқа енгізу және оған қолдау көрсету «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» АҚ үшін шығындарды мейлінше азайтуға, тиісінше заңнамалық, нормативтік және халықаралық талаптарды сақтауға, стратегиялық пен операциялық мақсаттарға қолжетімді болу үшін тәуекелді өңдеуге арналған ресурстарды өзара тиімді бөлуге және пайдалануға оңды септігін тигізбек.