Білімі туралы мәлімет:

1986 жылы Целиноград машинажасау техникумын «Технолог» мамандығы бойынша тәмамдады. 2008 жылы Атырау инженерлік-гуманитарлық институтты «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдады.

Бұрынғы жұмыс орындары және атқарған қызметтері туралы мәлімет:

1999 жылдан 2016 жылға дейін «КазТрансОйл» АҚ еңбек етті. Клиринг тобының басшысы, Келісім шарттар бөлімінің бастығы, директор кеңесшісі және директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС 2016 жылғы қыркүйекте Флотты дамыту департаментінің директоры қызметіне жұмысқа қабылданды. Бүгінде Бас директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.

Әртүрлі мақтау қағаздарымен, наградалармен және көтермелеу сыйлықтарымен марапатталды.