Каспий арқылы өтетін экспорт желілері отандық мұнай өндіруші компанияларға тиімді маркетинг саясатын жүзеге асырып, өндіріс өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл қазақстандық айлақтардың толыққанды, қарқынды жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Н. А. Назарбаев

Біз үшін меншікті мұнай құю флотының құрылысын салу – бүгінде аса қажетті. Қазақстандық Каспий қайраңында келешегі зор жаңа кен орындарын өндіру Каспийде Қазақстан порттарының қуатын елеулі арттыруды талап етеді.

Н. А. Назарбаев