Марафон – спортшы үшін қиын әрі жауапты сынақ. Біздің әріптесіміз Алмат Маштаков марафондарға бірнеше рет қатысты. Бұл жолы ол Дубай марафонының толық қашықтығын жүгіріп өтті.

Айта кететін жәй, 2000 жылдан бастап атақты Дубай марафоны жыл сайын қаңтар айында өтеді. 2012 жылдан бастап IAAF алтын белгісімен марапатталған. Марафон бірнеше қашықтықты қамтиды: толық – 42,195 км, жеңіл – 10 км және 4 км жүгіру. Оған әйгілі жүгірушілер де, қарапайым әуесқойлар да қатыса алады.