21 жыл бұрын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 желтоқсандағы қаулысымен «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы құрылды.

Бүгін осы айтулы күнді атап өтуге арналған салтанатты жиын өтті. Компанияның Бас директоры Марат Көшкінбайұлы Орманов ресми сөз сөйледі. Марат Көшкінбайұлы өз сөзінде әр қызметкер компанияның қалыптасуы мен дамуына өз үлесін қосқаны және бүгінгі таңда ҚТКФ елдің ұлттық тасымалдаушысы, теңіз саласының флагманы болып табылатындығын атап өтті.

Қазақтеңізкөлікфлоты мұнай саласындағы көптеген маңызды жобаларға қатысуда. Жарқын мысал болып «Теңізшевройл» келешек кеңею жобасы, ТКХМ фидерлік желісі, Қашаған кен орнында жасанды аралдардың құрылысы және тағы басқалар болып табылады.

ҚТКФ ешқандай апат пен мұнайдың төгілмегенін мақтанышпен айта алады. Алайда компания мұнымен тоқтап қалмақ емес. Алдағы уақытта одан да ауқымды инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.

Болашақта ҚТКФ флотты ұлғайтуға және одан да қуатты танкерлерді салуға ниетті, себебі Қазақстанның мұнай саласы тұрақты қарқынмен дамуда.