16 қаңтар күні «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК кезекті донорлық акция өтті.

Корпоративті қан тапсыру – бұл игі іс жолында ұжымды біріктіретін шара. ҚТКФ ғимаратында орналасқан басқа компаниялардың қызметкерлері де акцияға қолдау көрсетті.

ҚТКФ қызметкерлері аймақтағы донорлық қозғалысты қолдауды жалғастыруды жоспарлап отыр, өйткені бұл олардың әлеуметтік жауапкершілігін көрсетуге мүмкіндік береді.

Облыстық қан орталығы мен «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК атынан барлық донорларға мейірімділік, ықылас көрсеткені, мұқтаж адамдарға көмектесуге дайын болғаны үшін шын жүректен ризашылығымды білдіреміз.