Жаңалықтар мен оқиғалар
14 қазан күні «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС қызметкерлері кәсіпкер, инвестор, «ADAMANT» ресурс орталығының негізін қалаушы және «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Шолпан Түсіпбековамен кездесті.
Бизнес саласында 30 жылдан астам тәжірибесі бар Шолпан Түсіпбекова қызметкерлерге «Қаржылық тәртіп» тақырыбында тренинг өткізді. Бұл кездесу компания қызметкерлері үшін пайдалы әрі мазмұнды болды.
Компания Шолпан Түсіпбековаға мазмұнды кездесу мен қаржыны тиімді басқаруға бағытталған құнды кеңестері үшін алғыс білдіреді.