Жаңалықтар мен оқиғалар
ҚМГ-ның еншілес компаниясы – Қазақтеңізкөлікфлоты былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Каспий теңізі арқылы контейнермен жүк тасымалдаудың тұрақты өсімін көрсетіп, Қазақстанның транзит-көлік әлеуетін дамытуда өз позициясын нығайтты.
Ақтау-Баку-Ақтау фидерлік желісі бойынша 2025 жылы жиырма футтық эквиваленттет (ЖФЭ) 59,4 мың контейнер тасымалданды.
Тасымалдау көлемі 2024 жылмен салыстырғанда (51,4 мың ЖФЭ) 15% артық. Оң динамикаға Транскаспий халықаралық көлік маршруты бойынша тасымалдауға сұраныстың артуы себеп болды.
Атқарылған жұмыстың нәтижесі «Қазақтеңізкөлікфлоты» компаниясының сенімді теңіз логистикасын қамтамасыз етудегі, экспорттық-транзиттік бағыттарды әртараптандырудағы және Азия мен Еуропа арасындағы мультимодалды тасымалын дамытудағы басты рөлін айқындайды.
