«Қазақтеңізкөлікфлоты» қызметкерлері қайырымдылық марафонына қатысты.
Skip to main content
+7 (7292) 535-890 (қабылдау бөлмесі)
info@kmtf.kmg.kz
Safety first

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Қазақтеңізкөлікфлоты» қызметкерлері қайырымдылық марафонына қатысты.

| Жаңалықтар

«Қазақтеңізкөлікфлоты» қызметкерлері қайырымдылық марафонына қатысты.

1 маусымда «Қазақтеңізкөлікфлоты» қызметкерлері ҚазМұнайГаз акционерлік қоғамы ұйымдастырған қайырымдылық марафонына белсенді қатысты. Марафон Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай өткізілді. Қызметкерлер ұйымшылдықты, белсенді өмір салтын ұстанатындықтарын және жоғары командалық рухты паш етті.

Сонымен қатар, марафон аясындағы концерттік бағдарламаға ҚТКФ қызметкерлері Айсұлу Есниязова мен Батырхан Марданов қатысып, өнерлерін көрсетті. Олардың қатысуы мерекелік көңіл-күй сыйлап, іс-шараны жандандыра түсті.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» марафонға белсене атсалысып, «Үздік қолдау бекеті» аталымы бойынша 3-орынға ие болды. Компания ұжымы осындай шараларға қатысуды жалғастырып, корпоративтік рух пен салауатты өмір салтын насихаттауды жалғастырады!


© 2026 «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы ЖШС (ҚТКФ)
Сайтты әзірлеу: arctika.kz