Жаңалықтар мен оқиғалар
ҚМГ Хорватия арқылы Мажарстанға мұнайдың алғашқы партиясын экспорттады
«ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ (ҚМГ) және MOLGroup (Мажарстан) арасындағы стратегиялық ынтымақтасықты кеңейту аясында мажардың мұнай өңдеу зауытына 85 мың тонна көлемінде Қазақстан мұнайының алғашқы партиясы жөнелтілді.
Новоросийск портынан бастап Хорватияның Омишаль портына дейінгі теңіз тасымалын «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық тасымалдаушы компаниясы (ҚМГ еншілес кәсіпорны) өзінің «Alatau» танкерімен қамтамасыз етті.
Аталмыш порттан Мажарстанның Сазхаломбатта мұнай өңдеу зауытына дейінгі тасымалдау Адрия мұнай құбыры арқылы жүзеге асырылады. Бұл мұнай құбырын Хорватияның Jadranski naftovod компаниясы (JANAF) басқарады.
Танкер Хорватияға келгеннен кейін ҚМГ, MOL Group және JANAF өкілдерінің кездесуі өтті. Тараптар алдағаы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелрін талқылады. Келіссөздер қорытындысы бойынша ҚМГ мен MOL Group арасында мұнай жеткізу мәселелеріне қатысты негіздемелік келісімге қол қойылды.
Бұл бастама Қазақстанға ҚМГ мұнайы экспортының географиясын Еуропалық Одақ нарығы бағытында едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді.
Анықтама:
MOL Group – халықаралық мұнай-газ компаниясы (Будапешт қаласы). Өзінің қызметін 30-дан аса елде жүргізеді. Мажарстанда, Словакияда және Хорватияда 3 мұнай өңдеу және 2 мұнай-химия зауытын басқарады. MOL корпорациясының барлау жән көмірсутегін өндіру саласында 85 жылдық тәжірибесі бар. ҚазМұнайГаз және MOL Group Батыс Қазақстан облысындағы Рожков газ конденсатты кен орнын бірлесіп игереді.
JANAF – Хорватияның мұнай құбыры жүйесінің операторы. Компания Крк аралығында мұнай терминалын және Хорватия аумағындағы Адрия мұнай құбырлары жүйесін басқарады.