ҚМГ мен AD Ports Group екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда
Skip to main content
+7 (7292) 535-890 (қабылдау бөлмесі)
info@kmtf.kmg.kz
Safety first

Жаңалықтар мен оқиғалар

ҚМГ мен AD Ports Group екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда

ҚМГ мен AD Ports Group екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда

| Жаңалықтар

ҚМГ мен AD Ports Group екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда

1 мамырда Абу-Даби қаласында (БАӘ) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төорағасы Асхат Хасенов AD Ports Group бас директоры Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесті.

Тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша контейнер тасымалы көлемінің өсіп жатқанын ескеріп, Каспий теңізі үшін контейнерлік кемелерді салу жөнінде келіссөз жүргізді.

AD Ports Group екі заманауи контейнерлік кемені салу туралы инвестицилық шешім қабылдады. Кеменің жобасын ҚМГ және AD Ports Group бірлесіп әзірлегенін атап өткен жөн. Оның контейнерлік сыйымдылығы – Каспий теңізі үшін рекордтық 780 ЖФЭ (жиырма футтық эквивалент) дейін болмақ.

Сонымен қатар тараптап іске асырылған жобалардың нәтижелерін және алдағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. А.Хасенов Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы өзара тиімді мүдделердің жоғары деңгейін көрсететін серіктестік байланыстарды нығайтуға күш салып, қолдау көрсеткені үшін AD Ports Group басшылығына алғысын білдірді.

Еске сала кетейік, ҚМГ мен AD Ports Group арасындағы ынтымақтастық Каспий теңізі мен ашық теңіздер үшін танкер және сауда флотын дамыту, офшорлық жобаларды қолдау үшін флот құру сияқты бағыттарды қамтиды.

Анықтама:

AD Ports Group – БАӘ порт, өнеркәсіп және логистика бойынша операторы. Компания – Абу-Дабидің әртәрап экономикасының негізгі секторларындағы ірі кәсіпорындарға иелік ететін аймақтағы ең ірі холдингтің бірі. AD Ports Group порттар, өнеркәсіптік қалалар мен еркін аймақтар, теңіз, логистика және цифрлы технологиялардан тұратын бірнеше кластерді басқарады.


© 2026 «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы ЖШС (ҚТКФ)
Сайтты әзірлеу: arctika.kz