Жаңалықтар мен оқиғалар
ҚТКФ қызметкерлері Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай марапатталды.
Еңбекті қорғаудың дүниежүзілік күніне орай «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ Өндірістік қауіпсіздік департаменті салтанатты іс-шара өткізіп, еншілес ұйымдардың қызметкерлерін кәсібилігі мен еңбекті қорғау жүйеін дамытуға қосқан үлесі үшін марапаттады.
Қазақтеңізкөлікфлотының еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы Бекболат Ережепов (2005 жылдан бері компанияда қызмет етеді) құрмет грамотасымен марапатталды. 2016 жылдан бері еңбек ететін еңбекті қорғау инженері Жанар Иргалиева Алғыс хатпен марапатталды.
Бұл марапаттар Қазақтеңізкөлікфлоты мамандарының қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастырудағы маңызды үлесін айғақтайды.