Жаңалықтар мен оқиғалар
Құттықтаймыз!
Қазақстан Республикасы күні қарсаңында «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аға инженері Әлібекова Жадыра Ахметжанқызы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің Алғыс хатымен марапатталды.
Марапат «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсенді қатысқаны және қоршаған ортаны қорғау ісіне қосқан жеке үлесі үшін берілді.
«Қазақтеңізкөлікфлоты» өз еңбегімен және бастамашылдығымен еліміздің экологиялық мәдениетін дамытуға және Қазақстанның тұрақты болашағын қалыптастыруға үлес қосып жүрген қызметкерлерімен мақтанады.