«Қазақтеңізкөлікфлоты» ISO 37001:2025 стандарты бойынша сертификаттаудан сәтті өтті
Skip to main content
+7 (7292) 535-890 (қабылдау бөлмесі)
info@kmtf.kmg.kz
Safety first

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ISO 37001:2025 стандарты бойынша сертификаттаудан сәтті өтті

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ISO 37001:2025 стандарты бойынша сертификаттаудан сәтті өтті

| Жаңалықтар

2026 жылғы 31 шілдеде «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС ISO 37001:2025 ҚР СТ «Парақорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйелері. Талаптар және қолдану жөніндегі нұсқаулық» ұлттық стандартының талаптарына сәйкестігін растайтын сертификатқа ие болды.

Аталған сертификат Компанияда парақорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің енгізілгенін және оның ұлттық стандарт талаптарына сәйкес тиімді жұмыс істейтінін растайды.

Бұл нәтижеге Компанияның барлық құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлерінің бірлескен әрі жүйелі жұмысының арқасында қол жеткізілді.

Сертификат алу Компанияда комплаенс мәдениетін дамыту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, ашықтық, адалдық және іскерлік әдеп қағидаттарын нығайту бағытындағы маңызды қадам болып табылады.


© 2026 «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы ЖШС (ҚТКФ)
Сайтты әзірлеу: arctika.kz