Жаңалықтар мен оқиғалар
Республикa күніне орай «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Жастар кеңесі қарттар үйіне қайырымдылық сапарын ұйымдастырды. Кеңес тарапынан әндер, билер және жанды әуендерден тұратын концерттік бағдарлама дайындалды. Барлық көрермендердің жүрегін елжіреткен өнері үшін әскери теңіз күштерінің оркестріне ерекше алғыс білдіреміз.
Мереке қарсаңында баршаңызға зор денсаулық, жан жылуы мен амандық тілейміз. Ізгілік пен мейірімділік танытқан барлық қатысушылар мен еріктілерге алғыс айтамыз!