Жаңалықтар мен оқиғалар
Республика күніне орай «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Жастар кеңесінің мүшелері қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, Ақтау қаласындағы балалар үйіне барды.
Компания қызметкерлері балаларға жеміс-жидектер, кеңсе тауарлары, сыр бояулар мен цемент табыстап, аумақты абаттандыру жұмыстарына атсалысты. Балалар үшін ойындар мен аниматорлардың қатысуымен мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.
Сонымен қатар балалар ауылының аумағына «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ ұсынған құстар ұялары орнатылды.
Іс-шараға белсене қатысып, бастама танытқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз.