Ағымдағы жылғы 4 маусымда «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Әкімшілік ғимаратында өрт сөндіру қызметінің мамандарын тарта отырып, өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығулар өтті
Skip to main content
+7 (7292) 535-890 (қабылдау бөлмесі)
info@kmtf.kmg.kz
Safety first

Жаңалықтар мен оқиғалар

Ағымдағы жылғы 4 маусымда «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Әкімшілік ғимаратында өрт сөндіру қызметінің мамандарын тарта отырып, өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығулар өтті

Ағымдағы жылғы 4 маусымда «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Әкімшілік ғимаратында өрт сөндіру қызметінің мамандарын тарта отырып, өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығулар өтті

| Жаңалықтар

Ағымдағы жылғы 4 маусымда «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Әкімшілік ғимаратында өрт сөндіру қызметінің мамандарын тарта отырып, өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығулар өтті.

Іс-шара объектінің өртке қарсы жүйенің жұмысқа жарамдылығын тексеру және төтенше жағдай туындаған жағдайда қызметкерлер мен ғимаратқа келушілердің іс-әрекетін пысықтау мақсатында ұйымдастырылды.

Оқу-жаттығуларды жүргізу шеңберінде мына жүйелердің жұмысқа жарамдылығы тексерілді: өрт дабылқаққышы, ауа қысымының жүйесі, эвакуациялық есіктердің автоматты түрде ашылуы, сондай-ақ лифттердің төменгі қабатқа түсуі және турникеттердің ашылуы рәсімдері. Қызмет көрсетуші персоналдың уақыты ден қоюына және өрт сөндіру жүйесінің іске қосылған жағдайында нұсқамалардың дұрыс орындалуына айрықша назар аударылды.

Өрт сөндіру қызметінің өкілдері Әкімшілік ғимараттың 11-қабатында шартты өрт алуды жойды. Оқу-жаттығулар аяқталғаннан кейін анықталған кемшіліктер талқыланды және оларды жою бойынша ұсынымдар берілді. Іс-шаралар қызметкерлердің төтенше жағдайлаға тұтастай даярлығының жоғары деңгейін көрсетті және қолданыстағы қауіпсіздік жүйелерінің тиімділігін растады.


© 2026 «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы ЖШС (ҚТКФ)
Сайтты әзірлеу: arctika.kz