«Қазақтеңізкөлікфлоты» және Қазақстан теңіз академиясы 2026 жылға арналған теңізшілерді даярлау бағдарламасының басталғанын хабарлайды
Skip to main content
+7 (7292) 535-890 (қабылдау бөлмесі)
info@kmtf.kmg.kz
Safety first

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Қазақтеңізкөлікфлоты» және Қазақстан теңіз академиясы 2026 жылға арналған теңізшілерді даярлау бағдарламасының басталғанын хабарлайды

«Қазақтеңізкөлікфлоты» және Қазақстан теңіз академиясы 2026 жылға арналған теңізшілерді даярлау бағдарламасының басталғанын хабарлайды

| Жаңалықтар

Отандық сауда флоты үшін білікті теңізшілерді даярлауға арналған бағдарлама 2025 жылы жүзеге асты, қазіргі уақытта алғашқы студенттер Қазақстан теңіз академиясында білім алуда. Төрт жылдық білім беру бағдарламасы халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес «кеме жүргізу» және «кеме механикасы» мамандарын даярлауға бағытталған. Оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі.

Бағдарламаға қатысушыларға:
– оқу шығындарын толық жабатын білім беру гранты;
– ай сайынғы шәкіртақы;
– өзге қалалардан келген студенттер үшін Алматы қаласындағы жайлы жатақханада тұру мүмкіндігі;
– оқуын сәтті аяқтағаннан кейін ҚТКФ ұлттық флоты құрамында кәсіби теңіздік мансапты бастау мүмкіндігі ұсынылады.

2026 жылға арналған оқуға өтінімдер 2026 жылғы 17 мамырға дейін қабылданады.
Толығырақ ақпарат QR-код арқылы қолжетімді.


© 2026 «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы ЖШС (ҚТКФ)
Сайтты әзірлеу: arctika.kz